38-ші аптада босанды: Ақтөбеде 9-шы сынып оқушысы сәбилі болды
Ақтөбе облысының Ойыл ауданында күтпеген жағдай орын алды. 9-сынып оқушысы 38 аптаға созылған жүктіліктен кейін сәбиін дүниеге әкелді.
Білім басқармасының дерегінше, 14 жастағы оқушы 2025 жылдың 13 қазанында босанған.
«Жасөспірім 2025 жылдың 13–18 наурызы аралығында аудандық ауруханада, 28 мамырда жазғы лагерьге қабылдау кезінде және 10 қыркүйекте ата-анасымен бірге жоспарлы медициналық тексеруден өткен. Ешбір жағдайда дәрігерлер ерте жүктілік белгілерін анықтамаған», – деп мәлімдеді Ақтөбе облысының білім басқармасы.
Полиция департаментінің ақпаратына сәйкес, бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.