Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

«Денесі жылы, әлі тірі»: Атыраулық бойжеткеннің өліміне қатысты деректер шықты

Атырау облысында 23 жастағы Яна Легкодимованың өліміне байланысты сот процесі жалғасып жатыр

«Денесі жылы, әлі тірі»: Атыраулық бойжеткеннің өліміне қатысты деректер шықты

«НеМолчи.kz» қоғамдық қоры ұсынған хат үзінділерінен айыпталушылардың өз әрекеттеріне еш өкінбегені, қорқыныш та сезінбегені байқалады.

Whatsapp желісінде олар қылмысты алдын ала жоспарлап, оны орындаған сәт пен кейінгі әрекеттерін егжей-тегжейлі талқылаған. Кей хабарламалар ерекше қатыгездік пен цинизмге толы:

“Ұйықтап жатыр — әлі жылы, тірі сияқты.”

“Бұдан да қорқынышты істер жасағанбыз.”

“Жер қойнына тапсыратын уақыт келді, сен менің ‘пирожогыма’ тиістің.”

Сондай-ақ, хат алмасуда олар жазадан құтылу жолдарын талқылаған. Бір хабарламада тіпті лауазымды тұлғаларды сатып алу мүмкіндігі жайында сөз болған:

“Прокурорға пара беруге болады. Бәрі де алады ғой.”

“Қымбатқа түсер, бірақ көреміз.”

Бұған дейін сотта олардың пәтер мен көлікте болған оқиғаларды сипаттаған хаттары да оқылған еді. Тергеу болжамынша, дәл сол жерде Яна Легкодимова қаза тапқан.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату