Sportroom

Қазақстан құрамасы Солтүстік Македониямен тең түсті

Скопье қаласында өткен 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңіндегі матчта Қазақстан құрамасы Солтүстік Македониямен 1:1 есебімен тең ойнады. Кездесу «Тоше Проески» ұлттық аренасында өтті, деп хабарлайды newsroom.kz.

54-минутта қазақстандық Дінмұхаммед Қараман қарсылас қақпасына төбелете соққан әдемі добымен есепті ашты.
Алайда 74-минутта Энис Барди айып добынан дәл соққы жасап, таразы басын теңестірді.

Осы ойыннан кейін Талғат Байсуфинов жаттықтыратын Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңінің J тобы кестесінде жеті матчтан кейін жеті ұпай жинап, төртінші орында тұр.

Келесі, әрі шешуші ойын 15 қараша күні Астанада өтеді. Қазақстан құрамасы өз алаңында Бельгиямен кездеседі.

Матч нәтижесі:
Солтүстік Македония – Қазақстан – 1:1

Голдар:
Барди (74) – Қараман (54)

Ескерту алғандар:
Исник Алими (45+1) – Бақтиер Зайнутдинов (64), Багдат Каиров (65), Исламбек Қуат (81), Даурен Жұмат (90+4)

📍 13 қазан 2025 жыл, Скопье, «Тоше Проески» стадионы