Әлем

Трамп пен үш елдің басшылары Газадағы соғысты тоқтату туралы келісімге қол қойды

Мысырдың Шарм-эш-Шейх қаласында өткен саммитте АҚШ, Мысыр, Түркия президенттері мен Қатар әмірі Израиль мен ХАМАС қозғалысы арасындағы соғысты тоқтату жөніндегі келісімге қол қойды, деп хабарлайды newsroom.kz.

Құжатқа АҚШ президенті Дональд Трамп, Мысыр басшысы Абдель Фаттах ас-Сиси, Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған және Қатар әмірі Тамим ибн Хамад Әль Тани қол қойған.

Бұл төртеуі де бірнеше айға созылған Израиль мен Палестина арасындағы келіссөздерге ара ағайын болған.

«Бұл – Газадағы соғыстың аяқталуынан да маңызды оқиға. Бұл – Таяу Шығыс үшін жаңа бастау», – деді Дональд Трамп.

Келісім 10 қазаннан бастап күшіне енді. Ол бойынша тұтқындар алмасу және азаматтық инфрақұрылымды кезең-кезеңімен қалпына келтіру қарастырылған.

Саммитке ондаған мемлекет басшылары, соның ішінде Макрон, Стармер, Мелони, Аббас және Әлиев қатысты. Израиль мен ХАМАС өкілдері салтанатты рәсімге қатыспады.