Перизат Қайрат түрмеде колледж оқиды
Ішкі істер министрінің орынбасары Абай Қайырбеков Перизат Қайраттың қай салада жұмыс істейтіні және анасы Ғайни Алашбаевамен бір колонияға ауысу мүмкіндігі туралы сұраққа жауап берді
Оның айтуынша, Перизат Қайраттың жұмысқа орналасуы оның жеке қабілеттері мен колониядағы бос жұмыс орындарына байланысты анықталады.
«Біз оның дағдыларына сай келетін жұмыс орындарын қарастырамыз. Егер біліктілігі жеткіліксіз болса, қажетті оқыту ұйымдастырылады», – деді Қайырбеков.
Сондай-ақ ол қажет болған жағдайда Перизат Қайрат колония жанындағы колледжде немесе арнайы курстарда білім алатынын атап өтті.