Жаңалықтар

«Жыл сайын мас күйде 10 мыңнан аса қылмыс жасалады» – Ержан Саденов

Ішкі істер министрлігі елімізде алкоголь өнімдерін сату тәртібіне бірқатар шектеу енгізуді ұсынды.

Бұл туралы Үкімет сағатында ведомство басшысы Ержан Саденов мәлім етті. 

Министрдің айтуынша, алкоголь – еліміздегі қылмыстылық деңгейіне тікелей әсер ететін негізгі факторлардың бірі. Әр жылы мас күйінде шамамен 10 мыңға жуық қылмыс жасалады.

Саденовтің сөзінше, қазіргі профилактикалық шаралар тек салдармен күресуге бағытталған, ал басты себеп – алкогольге еркін қолжетімділік.

“Пайда табуды көздеген кейбір кәсіпкерлер жас және уақыттық шектеулерді елемей, спирттік ішімдіктерді тәулік бойы сатады. Көбіне ‘кафе’ не ‘бар’ атауымен жұмыс істеп, заңды айналып өтеді. Сонымен қатар онлайн жеткізу кеңінен таралған. Ал лицензиядан айыру шарасы тиімсіз – оны ертесі күні басқа тұлғаның атына қайта рәсімдеуге болады,” – деді министр.

ІІМ келесі бастамаларды көтерді:

- Интернет арқылы алкоголь сатуға толық тыйым салу;

- Алкоголь өнімдерін тек мамандандырылған дүкендерде (алкомаркеттерде) сату;

- Лицензия беру ережелерін қатаңдату және олардың санын шектеу.