Доллар әлсіреп, алтын күшейді: инвесторлар не күтеді?
«Алтын дәуір» қайта орала ма? Сарапшылар унция бағасы 10 мың долларға жетуі мүмкін дейді
Биыл алғаш рет алтын бағасы жаңа тарихи шекке шықты — бір унциясы 4 мың доллардан асты. Бұған АҚШ валютасының әлсіреуі мен жаһандық нарықтағы белгісіздік түрткі болған.
Сарапшылардың болжауынша, алдағы үш жылда алтынның құны 150%-ға дейін көтерілуі мүмкін. Мұндай өсімге бірнеше фактор әсер етеді: Қытайдың долларсыз саудаға көшуі, Дональд Трамптың сауда соғысын қайта ушықтыруы және әлемдік геосаяси тепе-теңдіктің өзгеруі.
Мамандар келер жылы унция құны 5 мың долларға, ал онжылдық соңына қарай 10 мың долларға дейін жетуі мүмкін екенін айтады.