Сұмдық! Ер адам Әулие Петр шіркеуінде бәрінің көзінше дәрет сындырды
Ватиканда христиандар үшін ең қасиетті орындардың бірі саналатын Әулие Петр соборында өрескел оқиға болды. Белгісіз ер адам күндізгі уақытта, туристер мен зиярат етушілердің көзінше, тікелей алтарьдың үстіне дәрет сындырған.
Куәгерлердің айтуынша, ол ештеңеге қарамай, күзетшілердің ескертуін елемей, қасиетті орынға көтеріліп, бұл масқара әрекетті әдейі жасаған. Оқиға жиналған жұрттың ашу-ызасы мен қорқынышын туғызды.
Қазір құқық қорғау органдары тәртіп бұзған адамның кім екенін анықтап жатыр. Ватикан бұл оқиғаны "қасиеттілікке жасалған ауыр қорлық" деп бағалады.