«Креон ішіп, қайтыс болды»: Жамбылда 6 жасар бала ауырып көз жұмды
Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданына қарасты Құлан ауылында 6 жасар бала дәрігерлердің немқұрайдылығы салдарынан көз жұмды
Жолшыбек Али Еламанұлы 2019 жылдың 26 шілдесінде дүниеге келген. Туыстарының айтуынша, бала 29 қыркүйектен бастап сырқаттанып, учаскелік дәрігерге қаралған. Алайда маман қажетті көмек көрсетпей, үйіне қайтарып жіберген.
Баланың әжесі тізерлеп жалынғаннан кейін ғана 7 қазан күні ауруханаға жатқызылған. Соған қарамастан, нақты диагноз қойылмай, ем ретінде тек «Креон» дәрісі беріліп отырған.
Өкінішке қарай, 10 қазан күні балақай өмірден өтті.