Филиппинде тағы да қатты жер сілкінісі болды
Филиппинде тағы да жойқын жер сілкінісі тіркелді. Дүмпу ошағы Минданао аралы маңында болған.
«Эпицентрдің координаттары: солтүстік ендік — 7,25°, шығыс бойлық — 126,69°. Магнитудасы — 7,4, тереңдігі — 53 км», — делінген Қазақстан деректер орталығының жедел хабарламасында.
Қаза тапқандар мен қираулар туралы мәлімет жоқ. Алайда жергілікті билік цунами қаупі жөнінде ескерту жасады. Филиппин сейсмологиялық агенттігінің мәліметінше, толқындар эпицентрден 300 шақырымға дейінгі аумақты қамтуы мүмкін. Қауіп аймағында Филиппин жағалауларымен қатар Индонезия мен Палау да бар.
Бірнеше провинцияда тұрғындарға эвакуациялану туралы хабар берілді.