Жаңалықтар

Баға шарықтады: Астанада жаңа пәтерлер бір айда айтарлықтай қымбаттады

Қыркүйек айында Астанада жаңа тұрғын үйлердің бағасы бірден 5,1%-ға өскен. Бұл — еліміз бойынша орташа көрсеткіштен (2,1%) екі есе жоғары.
Бірінші кредиттік бюроның мәліметіне сүйенсек, елордадағы мұндай күрт қымбаттау 2015 жылдың қарашасы мен 2022 жылдың наурызында ғана тіркелген.

Осылайша, 2025 жылдың қыркүйегі жаңа пәтерлер бағасының өсу қарқыны бойынша соңғы он жылдағы үшінші рекордты ай болды.

Екінші нарықтағы баға тұрақтырақ: дайын пәтерлердің құны ай ішінде 2,2%-ға ғана көтерілген.

Ал жалдау ақысы, керісінше, баяу өсіп келеді. Қыркүйекте жалдау құны 1,8%-ға артса, тамызда өсім 3,1%болған.
Соған қарамастан, Астанадағы пәтер жалдау бағасы Алматыдан әлі де арзан.