Шоубиз

«Өзімді өлтіруге бардым»: Бадықованың экс-күйеуі мәлімдеме жасады

Актриса Дариға Бадықованың бұрынғы жары Дархан Мұсаев әлеуметтік желіде видеоүндеу жариялады

Оның айтуынша, Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында ешқандай жалған ақпарат жоқ. Көпшіліктің сұрақтарына жеке-жеке жауап бермеу үшін актер осындай шешім қабылдаған.

«Соңғы уақытта көптеген адамдар хабарласып, сұрақ қойып жатыр. Барлығына жеке түсіндірудің орнына, Нұрсейіт Жылқышыбай бауырыма сұхбат беруді жөн көрдім. Ол кезеңде менің қандай күйде болғанымды өзімнен басқа ешкім білмейді. Тіпті өз-өзіме қол жұмсауға дейін бардым, үйден шығуға қорқатын болдым. Әркімнің мазағына айналғанша, сот алдында жауап бергенім артық. Менен қандай арыз түссе де, өз шындығымды айтамын. Қажет болса, шындық детекторына да отыруға дайынмын», – деді Дархан Мұсаев.

Айта кетсек, заңгер Айгүл Орынбек журналист Нұрсейіт Жылқышыбай мен актер Дархан Мұсаевқа қатысты ресми арыз бергенін мәлімдеген болатын.