Анонимді аударымдарға тосқауыл
Бижановтың айтуынша, бүгінде банкоматтар арқылы жүргізілетін көптеген операциялардың түпкі иелері белгісіз.
«Кейбір азаматтар банкоматты ақшаны заңсыз айналымға шығарудың құралы ретінде пайдаланады. Негізгі мәселе — операциялардың анонимді өтуінде. Көп карталар бөтен адамдардың атына рәсімделген», — деді ол.
Жаңа талаптар қандай?
Қаржы мониторингі агенттігі мен қаржы нарығын реттеу органы биыл 18 шілдеде өткен комплаенс кеңесінде банкоматтар арқылы ақша салу мен аударуға қатысты жаңа ережелер пакетін ұсынған.
Жаңашылдықтар мыналарды қамтиды:
- 500 мың теңгеден жоғары сома енгізілгенде жіберушінің ЖСН-і міндетті түрде көрсетіледі (бұрын тек алушының ЖСН қажет еді);
- операцияны мобильді қосымша немесе SMS арқылы растау мүмкіндігі қарастырылуда;
- 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап банктер банкоматтағы бейнежазбаларды кемінде 180 күн сақтауға міндетті болады;
- болашақта бет әлпеті немесе саусақ ізі арқылы биометриялық сәйкестендіру енгізілуі ықтимал.
Агенттік өкілдері бұл шаралар көлеңкелі экономиканы қысқартып, қаржы операцияларының ашықтығын арттырады деп есептейді. Сондай-ақ, жаңа талаптар қаржы қылмыстарын анықтауға және заңсыз ақша айналымын тежеуге мүмкіндік бермек.