Жаңалықтар

Жұмыстан келіп үй шаруасын жасайды: Қазақ әйелдерінің көрінбейтін еңбегі

Қазақ әйелдері бүгінде екі міндетті қатар алып жүр: күндіз – жұмыста, кешке – үйде тұрмыс-тіршіліктің бар ауыртпалығы мойнында.

ҚР Стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері Айгүл Забирова бұл құбылысты былай сипаттады:

«Әйелдер екі күштің ортасында қалды: бір жағынан – экономика олардың еңбегін қажет етеді, екінші жағынан – отбасы толық берілуді, яғни ақысыз үй жұмысын талап етеді», – дейді ол.

Осыған орай КИСИ (ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты) қазақстандықтар арасында «Әйелдің жұмыс істеуі – балаларына кері әсер етеді» деген пікірге қаншалықты келісетінін анықтау мақсатында сауалнама жүргізді. Зерттеу арқылы қоғамдағы патриархалды және заманауи көзқарастар деңгейі сараланды.

Фото: КИСИ inform

Нәтижесінде, респонденттердің 37,9%-ы жұмыс істейтін ананың балаларына зиян тигізеді деп есептесе, 59,4%-ы бұл пікірмен келіспеген. Аймақ пен жыныс бойынша айырмашылық шамалы, ал жас пен білім деңгейіне қарай көзқарас едәуір өзгеше.

Патриархалдық көзқарас – ер адамның басымдығын мойындап, әйел рөлін шектеу болса, заманауи ұстаным – тең мүмкіндік пен рөлдердің икемділігін білдіреді.