Жаңалықтар

Джеки Чан Қазақстанда кино түсіреді:  қазақтар киноға түсу үшін соққы жеуге дайын

Атақты актер Джеки Чан көптен күткен «Құдайдың сауыттары: Ультиматум» атты фильмнің төртінші бөлімімен үлкен экранға қайта оралмақ. Киножобаның түсірілімі Қазақстанда өтеді.

Жобаны әлемдік жұлдыз Salem Entertainment компаниясымен бірлесе жүзеге асыруда. Компания түсірілім орнын ресми түрде растады:

«Джеки Чанның Алматыға келуіне қатысты алғашқы ресми мәліметті жариялаймыз. Культті франшизаның төртінші бөлімі дәл Қазақстанда түсіріледі», — деп хабарлады Salem Entertainment өкілдері.

Түсірілімге дайындық енді басталғанымен, актердің қазақ жанкүйерлері әлеуметтік желіде қуаныштарын жасыра алмай, әзіл аралас пікір қалдыруда:

«Массовкаға кіріп, Джеки Чаннан соққы жесем де риза болар едім!»

«Ассистенті болсам деймін!»

«Бұл фильм біздің елдің талантты адамдарын әлемге танытсын!»

Джеки Чанның өзі де Қазақстандағы қонақжайлылыққа тәнті болғандай. Ол Шымбұлақ тау-шаңғы курортында демалып, бірқатар мәдени іс-шараларға қатысып, қазақ халқына алғысын білдірді.