Жаңалықтар

«2 жасар баланы иттер талап өлтірді»: Тәрбиеші ұйқыда қалған

Екі ірі иттің шабуылынан бір бала қаза тапты

Оқиға 4 қазан күні Валдоста қаласында болған. Сағат 15:45 шамасында полицияға екі иттің балаға шабуыл жасағаны жөнінде хабар түскен. Тергеу барысында иттердің 48 жастағы Стейси Уилер Коббқа тиесілі екені анықталды. Ол өз үйінде заңсыз жеке балабақша ашып, жұмыс істеп келген.

Полиция мәліметінше, бала шамамен екі сағат бойы тәрбиешінің қарауынсыз қалған. Сол уақытта ол аулаға шығып, иттер орналасқан вольерді ашып, ішке кіріп кеткен. Осы сәтте екі ротвейлер оған шабуыл жасаған.

Жедел жәрдем қызметі оқиға орнына дереу жеткенімен, баланың өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Валдоста полициясының басшысы Лесли Манахан бұл жағдайды “үлкен немқұрайдылықтың салдары” деп атап өтті.

«Кінәлі әйелдің жауапсыздығынан бір ана баласынан айырылды», — деді ол.

Қазіргі уақытта жеке балабақша иесі Стейси Уилер Кобб қамауға алынды.