Жаңалықтар

Қазақстанда үш ай бойы жұмыс істемеген азаматтар енді бақылауда

Елімізде 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істемеген азаматтарды анықтайтын жаңа бақылау жүйесі іске қосылады. Жиналған деректер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне жіберілетін болады.

Бұл жүйе қазақстандықтармен қатар шетел азаматтарына, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен келген еңбек мигранттары мен олардың отбасыларына да қолданылады.

Бақылау тізіміне ресми түрде тіркелген жұмыссыздар, мүгедек баланы бағып отырған ата-аналар, І топтағы мүгедектерге күтім жасайтын адамдар, сондай-ақ зейнеткерлер мен ардагерлер енгізіледі.

Жұмыссыз азаматтар туралы ақпаратты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы бірнеше дереккөз арқылы жинайды. Олардың қатарында «Отбасының цифрлық картасы», «Еңбек нарығы», «Зейнетақы және жәрдемақы алушылардың орталықтандырылған базасы» және «Төлемдерді өңдеу ұйымы» жүйелері бар