Қарыздарын қайтара алмағаны үшін өздеріне қол жұмсаған: оларға қарыз берушілер сотталды
Ақмола облысында сот үш ер адамды қарызға байланысты қысым көрсетіп, екі кәсіпкерді өз-өзіне қол жұмсауға итермеледі деген айып бойынша кінәлі деп тапты. Бұл туралы өңірлік соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Іс материалдарына сәйкес, айыпталушылардың бірі Көкшетау тұрғынына танысы арқылы ірі көлемде қарыз берген. Қарызын қайтара алмаған азамат 2017 жылдың желтоқсанында өз-өзіне қол жұмсаған. Кейін айыпталушылар марқұмның тағы бір танысының мүлкі арқылы ақшаны өндіруге тырысып, ол да 2020 жылы өзіне қол салған. Оның қалдырған хатында негізгі айыпталушының аты аталған.
2023 жылы бұл адамдар өз әрекеттерін жалғастырып, басқа кәсіпкерден бизнесінен айырыламын деп қорқытып, миллиондаған теңге талап еткен. Ақшаның бір бөлігі берілген сәтте құқық қорғаушылар оларды ұстаған.
Сот үкімі бойынша үш азаматтың барлығы кінәлі деп танылды.