Тамара Асардың ұлы қайтыс болды: Бірінші некеден туылған бала еді
Белгілі әнші Тамара Асардың жолдасының алғашқы некесінен туған ұлы Әлішер бақилық болды
Қаралы хабарды Қостанай облысы Наурызым ауданының әкімдігі таратты.
"Белгілі кәсіпкер Жұмаш Бекмырза мен жұбайы Тамара Асардың ұлы Әлішердің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты шын жүректен көңіл айтамын. Бұл – орны толмас ауыр қаза. Қайғыға ортақтасып, туған-туыстарына сабыр, төзім тілеймін. Алла марқұмның жанын жәннаттан қылсын, артында қалғандарға күш-қуат берсін”, – делінген әкімдік хабарламасында.