Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
1 маусым, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Қазақстанда балалар үйі азайды

Қазақстанда балалар үйі азайды

Қазақстанда балалар үйі азайды
ашық дереккөзі
Қазақстанда жетімдер мен ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалардың саны қысқарды, нәтижесінде елдегі балалар үйі де азайды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Дулат Жекебаев мәлімдеді, - деп хабарлайды NewsRoom+тілшісі  Tengrinews.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. "Биыл жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар саны 3 893 адамға азайды. Оларды отбасыларға орналасуы 70 пайызға артты. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынан айырылған балаларға арналған ұйымдар саны 33-ке азайды. Жетімдер саны 568 балаға қысқарды", - деді Дулат Жекебаев.
Сондай-ақ, ол ата-ана құқынан бас тартқан адамдардың саны 289-ға азайғанын хабарлады.