Ана сүті — нәрестеге берілетін ең үлкен байлық
Жаңа туған нәресте үшін анасының сүті – ең табиғи, еңпайдалы, әрі қауіпсіз тағам. Емшекпен емізу – бұл тек баланы тамақтандыру ғана емес, ананың балаға дегенмахаббаты мен қамқорлығының көрінісі. Ана мен бала арасындағы ерекше байланыс дәл осы сәтте тереңдейтүседі.
Ана сүті — баланың дұрыс дамуына қажетті барлықдәрумендер мен қоректік заттарға бай. Алғашқы күндерішығатын сүт — уыз деп аталады. Уыз нәрестеніңиммунитетін күшейтіп, түрлі аурулардан қорғайды. Бұлсүттің құрамында ақуыз, май, су, көмірсу және баланыңбойына тез сіңетін дәрумендер бар.
Ана сүті баланың асқазан-ішек жолдарының жұмысынжақсартады. Сонымен қатар, ана сүтімен қоректенгенбалалардың іш ауруларына, тұмау, бронхит, құлақ қабынуысияқты ауруларға шалдығу қаупі төмен болады.
Психологиялық маңызы
Емшекпен емізу – баланың өзін қауіпсіз сезінуіне, анасының жанында екенін түсініп, тыныш болуынакөмектеседі. Бұл нәрестенің психологиялық тұрғыдандұрыс өсуіне ықпал етеді. Анасының да күйзеліске түсіпкету қаупін азайтады, өйткені бала емізу кезінде анаорганизміне бақыт гормоны – окситоцин бөлінеді.
Анаға тигізер пайдасы
Емшекпен емізу ананың денсаулығына да пайдалы. Бұлпроцесс жатырдың қалпына келуін тездетеді, қан кетуіназайтады. Сонымен қатар, ұзақ уақыт бойы бала емізгенәйелдердің сүт безі және жатыр мойны обырына шалдығуқаупі төмен болады. Кейбір аналар үшін бала емізу артық салмақтан арылуға да көмектеседі. Себебі сүт өндіру үшін энергия көп жұмсалады.
Қаржылық жағынан тиімді
Емшекпен емізу – тегін. Ал жасанды сүт қымбат тұрады, оны үнемі сатып алып тұру қажет. Сонымен қатар, бөтелке, емізік, стерилизация жасау үшін қосымша құралдар керек. Сондықтан ана сүті тек денсаулыққа ғана емес, отбасының қаржысын үнемдеуге де үлкен көмек.
Ана сүтінің қайталанбас құрамы
Ана сүті – баланың өсуіне, миының дамуына, иммунитетінің қалыптасуына қажетті барлық қоректік заттарды қамтитын теңдесі жоқ тағам. Оның құрамында:
• Ақуыздар мен майлар – нәрестенің салмақ қосып, денебітімінің дұрыс қалыптасуына;
• Көмірсулар – қуат алуға;
• Суда еритін және майда еритін дәрумендер – барлықішкі мүшелердің сау дамуына;
• Иммундық заттар – түрлі инфекцияларға қарсы тұруғакөмектеседі.
Алғашқы күндері бөлінетін уыз (алғашқы сүт) – баланыңалғашқы "вакцинасы" деп аталады. Ол нәрестенің ішекжолдарын тазалап, алғашқы күндері ағзасын түрлібактериялардан қорғайды.
Ана сүті – сәбидің өмірге келісімен алған ең алғашқы және ең маңызды сыйлығы. Бала денсаулығының іргетасы осы сүт арқылы қаланады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сәбиді өмірінің алғашқы 6 айында тек ана сүтімен тамақтандыруды ұсынады. Аналар, балаларыңыздың денсаулығы мықты, иммунитеті жоғары, ақылды болып өсуін қаласаңыздар, емшекпен емізуге тырысыңыздар. Бұл – сіздің балаңыз үшін жасаған ең үлкен жақсылығыңыз болмақ.