Магнитудасы – 6,1: Қазақстанның оңтүстігінде түнде жер сілкінді
6 қазанға қараған түні Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде жер сілкінісі сезілді. Сейсмологиялық станциялар жер асты дүмпулерін түнгі сағат 01:29-да тіркеген.
– Жер сілкінісі Қырғызстан мен Қазақстан шекарасына жақын аумақта болған. Эпицентр координаттары: солтүстік ендік – 42.30°, шығыс бойлық – 71.34°. Магнитудасы – 6,1, энергетикалық класы – 13, тереңдігі – 10 шақырым, – деп хабарлады сейсмологтар.
Дүмпу Тараз қаласында және Жамбыл облысының бірнеше ауданында 4 балдық күшпен сезілген. Кей жерлерде 2–3 балл шамасында болған.
Түркістан облысында ең қатты сілкініс Тұрар Рысқұлов ауылы маңында байқалды – 4 балл. Облыстың басқа аудандарында да 2–3 балдық толқын тіркелген.