Жаңалықтар

Абай облысында жол апатынан төрт адам қаза болды

Абай облысында Омбы – Майқапшағай тас жолында болған жол апатынан 4 адам қаза болды.

Бұл жөнінде Абай облысының полиция департаменті хабарлады. (д/з azattyq)

"3 қазан күні Омбы–Майқапшағай трассасында жол-көлік оқиғасы тіркеліп, адам өліміне әкелді. Қайғылы жағдайлардың себебі – жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу: қарсы жолаққа шығу және тұтас сызықпен белгіленген жерде бұрылу. Апат салдарынан төрт адам қаза болды" деп жазылған полицияның хабарламасында.

Қазақстанда жыл сайын шамамен 2500 адам жол апатынан қаза табады екен.