Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Автобуста мас жолаушы  12 жастағы қызға қол көтерді

Оқиға Петропавл қаласындағы №2 бағыттағы қоғамдық автобуста болған. Көлікте екі мас ер адам отырған. Олар боқтық сөз айтып, өздерін дөрекі ұстап, жолаушылардың мазасын алған.

Автобуста мас жолаушы  12 жастағы қызға қол көтерді
Фото: Qyzyljarnews.kz

Шығар есік маңында қатар отырған екі оқушы қыздың бірі ескерту жасаған. Сол сәтте сөзге келіп қалған ер адамдар автобустан түспек болған. Бірақ олардың бірі кетер алдында 12 жастағы қыздың бетінен ұрып жіберген.

– Полиция шақыру керек! Бүкіл автобустың мазасын алып, енді балаға қол көтеріп отыр, – деп ашуланды жолаушылардың бірі.

Автобус жүргізушісі есікті дереу жауып, мас ер адамдарды сыртқа шығармай қойған. Жолаушылар бірден полиция мен жедел жәрдем шақырған.

– Қызға қол көтерген ер адамның жеке басы анықталып, ұсталды және полиция бөліміне жеткізілді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, алдын ала тергеу жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату