Жаңалықтар

«Қайрат» қақпашысы Темірлан Анарбековке көлік сыйға берілді

Алматының «Қайрат» командасының қақпашысы Темірлан Анарбеков жаңа Lixiang L9 автокөлігінің иесі атанды. Көлік кілтін меценат халық атынан табыстап, оның команда жетістігіне қосқан үлесін атап өтті.

«Қайрат» ойыншыларына берілген сыйлықтар төңірегіндегі әлеуметтік желідегі қызу пікірталастардан кейін жағдай айқындалды. Анарбеков «Селтикке» қарсы кездесуде үш пенальтиді қайтарып, клубты тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шығарған болатын. Сол кезде оған тек планшет беріліп, бұл жанкүйерлердің наразылығын тудырған еді.

Кейін бұл жағдай әсіресе 18 жастағы қақпашы Шерхан Калмурзаға кәсіпкер Ұлықбек Шәріпов Exeed автокөлігін сыйға тартқаннан кейін тіпті қыза түскен.

Айта кетейік, Шерхан Қалмұрза әлеуметтік желілерде нағыз батырға айналды. Пайдаланушылар оның қақпадағы ерлігімен бөлісіп, алғыстарын жаудырып жатыр.