Түркияда жер сілкінісі орын алды
Түркияның Кютахья провинциясына қарасты Симав ауданында таңертең магнитудасы 4,1 балдық жер сілкінісі болды,- деп хабарлайды newsroom.kz
Oxu.Az хабарлауынша, бұл туралы Түркияның Төтенше жағдайлармен күрес басқармасы (AFAD) мәлімдеді.
Мәліметке сәйкес, жер сілкінісінің ошағы 10,4 шақырым тереңдікте болған.
Мамандардың айтуынша, өңірде кейінгі дүмпулер (афтершоктар) жалғасуы мүмкін.