«Сын айтатындар көп»: Сабина Алтынбекова Шерханға қолдау көрсетті
Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова әлеуметтік желідегі жазбасында алматылық «Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмырзаға қолдау білдірді
Соңғы уақытта Шерханға қатысты «айтарлықтай жетістікке жетпеді», «ойынымен ерекшеленбеді» деген сындар желіде жиі айтылып жүрген еді. Бұған жауап ретінде Сабина 18 жастағы спортшыға қолдау көрсетіп, шабыттандыратын жазба қалдырды:
«Қолдау көрсету орнына сынайтындар көп. Оларға мән берме. Ештеңе бекер емес, бәрі Алланың қалауымен. Алға, Шерхан! Еңбек, мінез және жинақылық – ең маңыздысы осы», – деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.