Sportroom

Ұлы Дала Ойындары: Алматыда ауқымды фестиваль өтпек

2025 жылдың 5 қазанында Алматы ипподромы Ұлы Даланың күш-қуаты, ептілігі мен рухын тоғыстырған алаңға айналады. Ипподромда ұлттық спорт түрлері мен дәстүрлерді жаңғыртуға және насихаттауға бағытталған мәдени-спорттық мереке “Ұлы Дала Ойындары” фестивалі өтеді,- деп хабарлайды newsroom.kz

Басталуы: 10:00
Кіру: тегін

Фестиваль жүрегі — ат жарысы ойындары

Бас аренада қонақтарды еліміздің үздік шабандоздарының көкпар, аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату, қыз қуу, бәйге (Аламан, Құнан) сайыстары күтеді.

“Бәйге” сайысындағы жүлде қоры 5 миллион теңге. Бұл фестивалдегі басты күтілетін оқиға. Сайыста жылдамдық, төзімділік пен шеберлік сыналады.

Ұлттық спорт түрлері

Фестиваль аясында қазақ күресі, асық ату, қол күресі, салмақ көтеру, садақ ату секілді ұлттық және күш сайыстары өткізіледі.

Қолөнер мен ұлттық мұра аймағы

Фестиваль аясында Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген шеберлердің еңбектері ұсынылатын этно-жәрмеңке өтеді. 

Қонақтар:

– Теріден, ағаштан, металдан және киізден жасалған бұйымдарды,

– дәстүрлі қолөнер бойынша шеберлік сабақтарды тамашалайды.

– Мәдени дәстүр иелерімен тікелей байланыса алады.