Баға құбылып тұрғанда қалай ұтуға болады? Қыркүйекте инфляция 12,9% болды
2025 жылдың қыркүйегінде инфляция жылдық есеппен 12,9%, айлық өсім 1,1% құрады. Бұл дегеніміз – бір тауар арзандап жатқанда, екіншісі қымбаттап жатыр деген сөз. Сондықтан отбасылық бюджетті дұрыс басқару үшін бағадағы өзгерістерге назар аудару маңызды.
Арзандаған өнімдерді қаптай алуға болады
Күз – көкөністің ең мол уақыты. Қыркүйекте:
пияз – –15,6%,
картоп – –10,3%,
қызылша – –9,5%,
қырыққабат – –9,3%,
сәбіз – –9%,
алма – –4,8% арзандады.
🔹 Кеңес: дәл осы кезеңде көкөністі қыстыққа алып қоюға қолайлы. Картоп, сәбіз, қырыққабат пен пиязды көптеп алып қойсаңыз, қыс мезгілінде шығыныңызды азайтасыз.
Қымбаттаған өнімдерге абай болған жөн
Керісінше, қыркүйекте ас содасы (+2,8%), кофе (+2,6%), апельсин (+2,5%) және жарма өнімдері (+1,5%) қымбаттады.
🔹 Кеңес: мұндай өнімдерді акция кезіндегі ұсыныстардан іздеңіз. Кофе мен жарма ұзақ сақталатындықтан, жеңілдікпен сатып алған тиімді.
Қызмет саласында шығын өсіп жатыр
Қоғамдық тамақтану – +0,9%,
шаштараз – +0,7%,
спорт залдары – +0,3%.
Жылдық өсім тіпті жоғары: бассейн қызметтері +10,3%, жаттығу залдары +9,5% қымбаттаған.
🔹 Кеңес: егер спорт залға бару қымбаттап кетсе, уақытша үй жаттығуларына ауысуға болады. Қоғамдық тамақтану орнына үйде пісіру арзанға түседі.
Қай тұрмыстық тауарға назар аударуға болады?
Кейбір тұрмыстық техниканың бағасы айтарлықтай төмендеген: кір кептіргіш (–35,8%) пен тоңазытқыш (–21,2%).
🔹 Кеңес: егер тұрмыстық техниканы жаңартуды ойласаңыз, дәл қазір ыңғайлы сәт.
Қыркүйектегі инфляция халық үшін қос қырлы болды. Бір жағынан, көкөніс пен тұрмыстық техниканың арзандауы бюджетке жеңілдік берсе, екінші жағынан, қызметтер мен кейбір азық-түліктің қымбаттауы шығынды арттырып отыр. Отбасылық қаржыны үнемдеу үшін:
- маусымдық өнімдерді көбірек алу,
- тұрмыстық техниканы жеңілдікпен сатып алу,
- шығынды қажетсіз қызметтерден қысқарту – тиімді шешім болмақ.