Жыл соңына дейін доллар 550–560 теңге шамасында болады — сарапшылар
Halyk Finance сарапшыларының болжамынша, 2025 жылдың соңына дейін теңге бағамы 1 доллар үшін 550–560 теңге аралығында сақталады.
Қаржы ұйымының талдауынша, қазан айы ұлттық валюта үшін шешуші кезең болмақ. Айдың өзінде Ұлттық қордан 600–700 млн доллар сату жоспарланып отыр. Бұл көлем күткеннен жоғары және «Самұрық-Қазына» облигацияларын қаржыландыруға байланысты болуы мүмкін.
Сонымен қатар Ұлттық банк IV тоқсанда ай сайын шамамен 848 млн доллар сатуды көздеп отыр. Бұған алтын бағасының қымбаттауынан туындаған теңгелік эмиссия себеп. Бұл қадам нарықтағы валюта ұсынысын арттырып, теңгенің тұрақтылығын қолдауға тиіс.
Сарапшылар мұнай бағасы барреліне 70 доллар деңгейінде сақталып, экспорт көлемі артса, валюта нарығында айтарлықтай өзгеріс болмайды деп отыр.