Жаңалықтар

Дана Қарақұсова ғарышқа ұшады: Қазақстан тарихында алғаш рет әйел

Қазақстандық кәсіпкер әрі меценат Дана Қарақұсова Blue Origin компаниясының New Shepard NS-36 суборбиталық миссиясына қатыспақ. Бұл туралы компанияның ресми сайтында хабарланды.

Экипаж құрамында Қарақұсовамен бірге Клинт Келли III, Аарон Ньюман, Джефф Элгин және Виталий Островский бар. Ұшырылым алдағы күндері АҚШ-тың Техас штатындағы ғарыш айлағынан жүзеге асады.

Осылайша Дана Қарақұсова ғарышқа сапарлайтын тұңғыш қазақстандық әйел болмақ. Ол 1984 жылы туған, экс-депутат Гүлжан Қарақұсованың қызы.