Жаңалықтар

«Қайрат» қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға су жаңа көлік мінгізді

Мадридтің «Реалымен» өткен ойынан кейін 18 жастағы қақпашы Шерхан Қалмұрза жаңа Exeed автокөлігінің кілтін алды.

Бұл сыйды оған қазақстандық кәсіпкер, ерлерге арналған «Shoqan» киім брендінің негізін қалаушы әрі иесі Ұлықбек Шарипов табыстады. Көліктің кілтін тапсыру рәсіміне қақпашының анасы мен сүйіктісі де қатысып, сәт Instagram-дағы кәсіпкердің парақшасында жарияланды.

Шерхан әуелі мұндай сыйға сенбей қалғанын жасырмады. Кейін ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Ұлықбек Шариповке алғыс айтып, ризашылығын білдірді.

– Нағыз үлкен жүректі жан. Тағы да үлкен рақмет, – деп жазды қақпашы.