Sportroom

Реал Мадрид қақпашысы Қалмұрзаға таң қалды

Әлем футболының жұлдызды қақпашыларының бірі Тибо Куртуа Алматыдағы матчтан кейін өз әсерімен Instagram парақшасында бөлісті.

Мадридтік «Реал» мен Бельгия құрамасының қақпашысы Куртуа өз жазбасында Шерхан Қалмұрзаны ерекше атап өтті.

«Үлкен жеңіске сенімді ойын көрсеттік. Әлемдегі ең үздік клубтың капитандық белгісімен алаңға шығу – бөлек толқыныс», – деп жазды Куртуа.

Ол жазбасына Шерхан Қалмұрзамен әңгімелесіп тұрған суретін қойып, жас қазақстандық ойыншыны белгілеген. Матчтан соң атақты қақпашы 18 жастағы әріптесіне жейдемен ауысу туралы өзі ұсыныс білдірген. Бұл қадамды жанкүйерлер жас спортшының шеберлігін мойындау деп бағалады.

Айта кетейік, Шерхан Қалмұрза қақпаға бағытталған 12 соққының 7-еуін қайтарып, сенімді сейв жасады. Жас қақпашының бұл ойынына әлемдік БАҚ та жоғары баға беріп, таңданыстарын жасырған жоқ.