Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Жаңа соғыс өрши ме? АҚШ Таяу Шығысқа жанармай құюшы ұшақтарын жіберді

АҚШ Таяу Шығысқа жанармай құюшы ұшақтарын жаппай тасымалдап жатыр. Мұндай қадам маусым айында Иранның ядролық нысандарына соққы жасар алдында да болған еді. Ашық барлау деректеріне (OSINT) сүйенсек, жексенбі кешінде ондаған KC-135R/T Stratotanker ұшағы өңірге жеткізілген, деп хвбарлайды newsroom.kz порталы Daily Mail-ге сілтеме жасап.

Жаңа соғыс өрши ме? АҚШ Таяу Шығысқа жанармай құюшы ұшақтарын жіберді
Фото: ашық дереккөз

Израильдік кейбір ақпарат арналары да АҚШ-тың соғысқа дайындалып жатқаны туралы жаза бастады. Маусым айында дәл осылай жанармай құюшы ұшақтар Таяу Шығысқа әкелінген, кейін Вашингтон Иран нысандарына соққы жасаған еді.

«Мұндай ұшақтардың келуі – АҚШ немесе НАТО-ның жедел әскери қимылға әзірленіп жатқанын, яғни истребительдерге әуеде жанармай құю мәселесін шешіп жатқанын білдіруі мүмкін», – деп жазады басылым.

Daily Mail-ге аты-жөнін жарияламау шартымен пікір білдірген АҚШ Қорғаныс министрлігінің үш өкілі (екеуі бұрынғы, бірі қазіргі) мұндай қадамның салдары ауыр болуы ықтимал екенін айтты.

Stratotanker ұшақтарының орын ауыстыруы Дональд Трамп пен қорғаныс министрі Пит Хегсетттің елдің әскери қолбасшыларымен кездесер қарсаңында жүзеге асты. Бұл жиынға қақтығыс аймақтарында жүрген жүздеген генералдар мен адмиралдар шақырылды.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің бұрынғы кеңесшісі Daily Mail-ге берген сұхбатында мұндай әрекеттің бір себебі Ресейдің Балтық теңізіндегі барлау ұшуларына қарсы жауап болуы мүмкін екенін айтты. Әсіресе, Данияға бағытталған әуе және дрон операцияларына назар аударылды.

Сонымен қатар, америкалық әскерилердің қозғалысы Cobra Warrior 25-2 атты ірі НАТО жаттығуларымен де байланысты болуы ықтимал. Бұл оқу-жаттығу 12 қыркүйек пен 2 қазан аралығында Солтүстік теңіз аймағында өтуде.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату