Sportroom

2 пенальти, 5 гол: «Реал» Алматыда «Қайратты» тас-талқан етті

Алматыда өткен УЕФА Жастар лигасының екінші турында мадридтік «Реал» алматылық «Қайратты» ірі есеппен ұтты, деп хабарлайды newsroom.kz Sportinside.kz-ке сілтеме жасап.

19 жасқа дейінгі футболшылардан құралған кездесу Тимур Сегізбаев атындағы академия стадионында көрерменсіз өтті. Қонақтар 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Матч барысы

Әу бастан-ақ испаниялықтар басым ойнады. «Реалдың» алғашқы үш голын Хайме Барросо (8-минут), Виктор Вальдепеньяс (18) және Роберто Мартин (38) соқты.
23-минутта алматылық Азамат Тұяқбаев пенальти тепкенімен, қақпашы Илья Волошин гол соғуға мүмкіндік бермеді.

Екінші таймда «Қайрат» сапынан Исмаил Бекболат (58) бір гол соғып, есепті қысқартты. Дегенмен 77-минутта Якобо Ортега «Реалдың» төртінші голын енгізді. Қосымша уақытта ол тағы бір пенальти тепті, бірақ «Қайрат» қақпашысы Данила Буч соққыны қайтарды.

Турнир жағдайы

Бұл – алматылықтардың Жастар лигасындағы екінші жеңілісі. Алғашқы турда олар сырт алаңда Лиссабонның «Спортингіне» 2:3 есебімен есе жіберген еді. Қазір «Қайраттың» қоржынында ұпай жоқ, команда 30-орында. Ал «Реал» жастары 6 ұпаймен көш бастап тұр.

Айта кетейік, УЕФА Жастар лигасының негізгі кезеңінде ересектер арасындағы Чемпиондар лигасындағыдай 36 клуб бақ сынайды. Соңында үздік 22 команда плей-оффқа жолдама алады.

Қосымша

Бүгін кешке Алматының Орталық стадионында екі клубтың негізгі құрамдары кездеседі. Матч 21:45-те басталады.