Қостанай жеңіл көлік пойызға соғылды
30 қыркүйек күні таңертең Қостанай облысында автокөлік пен тепловоздың қатысуымен жол апаты болды. Оқиға шамамен сағат 11:00-де теміржол өткелінде болған, деп хабарлайды newsroom.kz CentralMedia24.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, Volkswagen жүргізушісі бағдаршамның ескерту белгісіне қарамастан жолға шығып кеткен. Сол сәтте өткелден тепловоз өтіп бара жатқан.
Апат салдарынан көліктегі жолаушы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Полиция қызметкерлері оқиғаға қатысты қажетті материалдарды жинап, тергеу жүргізіп жатыр.