Әлем

АҚШ-та ұшақтың шасси бөлігіне жасырынған адам өлі табылды

American Airlines әуе компаниясының ұшағының шасси бөлігінен билетсіз жолаушының денесі табылды,- деп хабарлайды newsroom.kz

Оқиға АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатындағы Шарлотт қаласының әуежайында болды.

Хабарламада рейстің Еуропадан Шарлотт халықаралық әуежайына келгені айтылған.

Полиция дерегінше, техникалық бригадалар жолаушының денесін 28 қыркүйек күні таңертең анықтап, кейін оқиға орнына келген жедел қызмет өкілдері оның көз жұмғанын растады.