Sportroom

Реал Мадрид Алматыда: Мыңға жуық адам әуежайға жиналды

Әлемнің ең танымал футбол клубтарының бірі — «Реал Мадрид» Алматыға келді. Ұшақтан түскен сәттен-ақ футболшыларды көруге асыққан жанкүйерлер әуежайды лық толтырды.

Шамамен 1000-ға жуық жанкүйер корольдік клубты қарсы алу үшін жиналып, ерекше атмосфера жасады,-деп хабарлайды Newsroom.kz тілшісі. 

Жанкүйерлер қолдарына команданың жалаушалары мен плакаттарын ұстап, ұрандатумен, қошемет көрсетумен сүйікті клубтарына деген ыстық ықыласын білдірді.

Алматылық сапарында «Реал Мадрид» ойыншылары қала орталығындағы беделді Intercontinental қонақүйінде тоқтады. Қонақүй алдына да жанкүйерлер жиналып, футбол жұлдыздарын көру үшін ұзақ уақыт күтті.