Қостанайда қыркүйек бітпей алғашқы қар түсті
Қостанай облысының тұрғындары әлеуметтік желілерде алғашқы қардың суреті мен видеоларын бөлісіп жатыр.
Қар Қостанай мен Рудный қалаларында байқалды. Бұған дейін синоптиктер түнгі ауа температурасы -1...-6 градусқа дейін төмендеп, күндіз +3...+8 градус шамасында болатынын, жауын-шашын жауып, жаңбырдың қарға ұласуы мүмкін екенін хабарлаған еді.
Мамандардың айтуынша, қазір елдің басым бөлігіне солтүстік циклон әсер етіп тұр. Соның салдарынан көптеген өңірде жаңбыр жауып, солтүстікте қатты нөсер болады. Ал оңтүстік пен шығыста күн жауын-шашынсыз өтеді деп күтілуде. Сондай-ақ республика көлемінде жел күшейіп, кей жерлерде түнде және таңертең тұман түседі.