2026 жылдан бастап балаға төленетін жәрдемақы артады
Қазақстанда 2026 жылы бала тууға және оны күтуге арналған мемлекеттік төлемдердің мөлшері өседі. Бұл өзгерістер республикалық бюджет жобасында көрсетілген айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) ұлғаюымен байланысты.
Бала тууға берілетін жәрдемақы
Келер жылдан бастап:
- алғашқы үш бала үшін бір реттік төлем 164,3 мың теңге болады (қазіргіде – 149,4 мың теңге),
- төртінші және одан кейінгі балаларға төленетін жәрдемақы 272,5 мың теңгеге дейін көбейеді (2025 жылы – 247,7 мың теңге).
Бала күтіміне байланысты ай сайынғы төлемдер
1,5 жасқа дейінгі балаларды күтуге арналған айлық жәрдемақы да өседі:
- бірінші балаға – 24 912 теңге,
- екінші балаға – 29 453 теңге,
- үшінші балаға – 33 951 теңге,
- төртінші балаға – 38 492 теңге.
Кімдерге беріледі?
Бұл жәрдемақыларды Қазақстан азаматтары, қандастар және елде тұрақты тұратын шетел азаматтары рәсімдей алады. Төлемдер баланың тууы, асырап алынуы немесе қамқорлыққа берілуіне байланысты тағайындалады.
Бюджеттегі басқа әлеуметтік көрсеткіштер
2026 жылғы жоспарға сәйкес:
- ең төменгі жалақы – 85 мың теңге (өзгеріссіз қалады),
- ең төменгі зейнетақы – 69 049 теңге,
- күнкөріс минимумы – 50 851 теңге болып белгіленген.