Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
27 қыркүйек, 2025 / Арайна Арайқызы / Технология

Астанада Shai.pro: Leaders in AI форумы өтті

Бүгін Астанада жасанды интеллект пен жаңа технологиялар саласының жетекші мамандарын біріктірген ауқымды Shai.pro: Leaders in AI форумы өтті.

Астанада Shai.pro: Leaders in AI форумы өтті

Іс-шара тәжірибе алмасуға, инновациялық шешімдерді таныстыруға және AI индустриясының болашағын талқылауға арналған маңызды алаңға айналды,-деп хабарлайды Newsroom.kz тілшісі. 

Форум бағдарламасы Shai.pro интеллектуалды агенттерінің демо-сессиясымен басталды. Кейін әлемдік деңгейдегі спикерлер сөз сөйледі.

Дильшат Утешев, JPMorgan Chase компаниясының Executive Director / Head of AI, қаржы секторында жасанды интеллектіні енгізу тәжірибесімен бөлісіп, әлемдік банк индустриясының даму бағыттарын баяндады

Sumalatha Subramanian, IBM компаниясының Lead Data Scientist / AI Solution Architect, бизнесте тиімді AI-шешімдерді құру тәсілдерін ұсынып, жасанды интеллектіні пайдаланудағы этиканың маңыздылығына тоқталды

Ярослав Поляков, Google компаниясының AI/ML Infra Engineering Manager, машиналық оқытуға арналған ауқымды инфрақұрылымды құрудың қыр-сырын ашып, Google экожүйесіне енгізілген тәжірибелік кейстерімен бөлісті

Форумның ерекше сәттерінің бірі AI-Hackathon by Shai.pro жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болды. Жаңашыл жобаларымен көзге түскен үздік командалар жоғары деңгейдегі дайындығы мен креативтілігін көрсетті

Кештің соңында қатысушылар бейресми нетворкингте бас қосып, қосымша демо-сессияда жаңа идеялармен бөлісіп, кәсіби байланыстар орнатуға мүмкіндік алды

 Shai.pro: Leaders in AI форумы Қазақстанның жасанды интеллект пен болашақ технологиялар саласындағы мамандар үшін маңызды орталыққа айналып келе жатқанын айқындады 

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату