Әлем

Қытайда сұмдық жер сілкінісі орын алды

Бүгін таңертең Бейжің уақытымен 5:49-да Қытайдың солтүстік-батысындағы Ганьсу провинциясының Динси қаласына қарасты Лунси уезінде магнитудасы 5,6 жер сілкінісі болды,- деп хабарлайды newsroom.kz

CENC мәліметіне сәйкес, жерасты дүмпулерінің эпицентрі солтүстік ендіктің 34,91 градусы және шығыс бойлықтың 104,58 градусында орналасқан. Гипоцентр 10 шақырым тереңдікте жатқан.

Жер сілкінісінен кейінгі дүмпулер Динси қаласының Лунси, Чжансянь, Вэйюань және Линьтао уездерінде, сондай-ақ Тяньшуй қаласының Ушань уезінде қатты сезілген.

Жергілікті билік мәліметінше, әзірге құрбандар туралы ақпарат түскен жоқ. Тұрғындардың айтуынша, Лунсидің ауылдық аймақтарындағы кейбір үйлер зақымданған.

Жергілікті өрт сөндіру және құтқару қызметтері апат болған аудандарға командалар мен көліктерді жөнелтті. Қазіргі уақытта жер сілкінісінің салдарына баға беріліп лблжатыр.