Қаржы

Доллар бағамы: биржада орташа көрсеткіш – 544,26 теңге

Қазақстан қор биржасында (KASE) 26 қыркүйек сағат 17:00-де доллардың салмақты орташа бағамы 544,45 теңге болды,- деп хабарлайды newsroom.kz

25 қыркүйек сағат 17:00-дегі 541,81 теңге/доллар көрсеткішіне қарағанда, ұлттық валюта долларға шаққанда 2,64 теңгеге әлсіреді.

Сауда аптасы бойынша ұлттық валюта 1,59 теңгеге әлсіреді. 22 қыркүйек дүйсенбіде сағат 15:30-дегі салмақты орташа бағам 542,67 теңге болса, 26 қыркүйек жұмада – 544,26 теңге болды.

KASE мәліметі бойынша, сауда кезінде доллардың минималды бағамы 542,35 теңге, максималды бағамы 545,80 теңге болды, жабылу бағамы – 545,80 теңге. АҚШ валютасы бойынша сауда көлемі 334 млн 412 мың долларды құрады, ал валюта операциялары бойынша мәмілелер саны – 909. Kurs.kz мәліметі бойынша, астанадағы айырбастау пунктерінде сағат 17:24-дегі максималды сату бағамы 548 теңге, Алматыда – 546,7 теңге болды.

Айта кетелік, 26 қыркүйектегі Ұлттық банк ресми курсы 541,34 теңге/долларды құрады. 27-29 қыркүйек аралығында ресми курс белгілеу тәртібі бойынша 541,19 теңге/доллар болады.