Елорда

Бұл күнге де жеттік! Келесі апта Астанада алғашқы LRT пойызы жолға шығады

Елорда әкімі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, пойыз 29 немесе 30 қыркүйекте іске қосылады.

Алғашқы бағыт – «Мәңгілік ел» станциясы арқылы өтетін көпірге қарай болады.

Алдымен сынақ режимінде 1–2 станция ғана жұмыс істейді. Кейін пойыздар саны мен қозғалыс уақыты кезең-кезеңімен көбейеді. Сынақ мерзімі 3 айдан 6 айға дейін жалғасады.