Жаңалықтар

Тоқаев: Қазақстан Ресей мен Украина арасындағы соғыста делдал болмайды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астана Ресей мен Украина арасындағы әскери қақтығыста ара ағайындық рөлін атқармайтынын айтты.

Бұл жөнінде Ақорда таратқан ақпаратқа сүйене отырып, қазақстандық БАҚ хабарлады.

«Қазақстан бұл соғыста делдал болмайды және өзін солай көрсетпейді. Менің ойымша, тараптар өзара барлық даулы мәселені талқылауға қабілетті. Бұрын да атап өткендей, Украинадағы жағдай өте күрделі, оны жеңіл-желпі бағалауға болмайды», – деді Тоқаев Нью-Йоркте сөйлеген сөзінде.

Айта кетейік, бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский Ресей басшысы Владимир Путинмен Қазақстанда кездесуге дайын екенін мәлімдеген болатын.