Ресейде аю әйелді талап өлтірді
Петропавл-Камчатскіде аю «Жасыл тоғай» көшесінде әйелге шабуыл жасады. Оқиға 25 қыркүйек күні таңертең №3 мектеп ғимаратының жанында, мектеп стадионы аумағында болған,- деп хабарлайды newsroom.kz
Жәбірленуші ауыр бас және қол жарақаттарымен Камчатка өлкелік ауруханасына жеткізілді, алайда дәрігерлер оны құтқара алмады.
Өлкелік Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жүргізілген реанимациялық шараларға қарамастан, әйел өмірге сәйкес келмейтін жарақаттардан қайтыс болды. Ведомство марқұмның туған-туыстарына көңіл айтты.
Айта кетелік, жыртқыш Озерная көшесінде тағы бір адамға шабуыл жасаған. Ер адам көлікке секіріп кіріп үлгеріп, есікті жапқан. Аю бірнеше рет көлікті лапымен ұрып, кейін қашып кеткен.