Джеки Чан Қазақстанға келді
Бірнеше күн бұрын Алматы әуежайына әйгілі актер Джеки Чан қонды. Оны Salem Entertainment кинокомпаниясының өкілдері қарсы алғаны байқалып, әлеуметтік желілерде «Қазақстанға не мақсатпен келді?» деген әңгіме қыза түсті.
Желі қолданушыларының бірі актерді «Қайрат» пен «Реалдың» ойынына келді деп топшыласа, енді біреулері жаңа жобаның түсірілімі үшін келді деп болжауда.
Ресми ақпарат әзірге жарияланған жоқ. Ал бүгін Джеки Чанды Шымбұлақ курортында көргендер бар, бұл оның сапарына деген қызығушылықты одан әрі арттыра түсті.