Xiaomi 15T: жаңа деңгейдегі камера мен флагмандық дизайн
Xiaomi өзінің жаңа флагмандық желісі — Xiaomi 15T және Xiaomi 15T Pro кіретін Xiaomi 15T Cериясын ұсынды. Флагмандық фотосурет пен заманауи трендсеттерге арнап жасалған озық технологиялардан бастап озық мобильді технологияларға дейін және тамаша түсірілім сапасы мен талғамға сай дизайнға дейінгі өзгерістер Xiaomi T Cериясының батыл эволюциясын көрсетті.
Жаңа деңгейдегі суреттерге арналған керемет оптика
Мінсіз сурет сапасы үшін жасалған Xiaomi 15T Cериясы Leica-мен бірге әзірленген озық үш камерамен жабдықталған: Xiaomi 15T-те негізгі, аса кең бұрышты және телефото камерасы, сондай-ақ Xiaomi 15T Pro-да Leica 5х негізгі, аса кең бұрышты және кәсіби телефото камерасы. Камералар жүйесінің екеуі де әртүрлі жағдайларда керемет нәтиже көрсетеді. Әртүрлі композиция үшін Xiaomi 15T Pro және Xiaomi 15T бірнеше фокустық қашықтықты таңдау мүмкіндігін ұсынады. Xiaomi 15T Pro 15-тен 230 мм-ге дейінгі диапазонды қамтиды, ал Xiaomi 15T 15-тен 92 мм-ге дейінгі диапазонмен қоса, үш негізгі камерамен кең панорамаларды да, ұсақ бөлшектерді де жоғары дәлдікпен түсіреді.
50 Мп ажыратымдылығы бар Xiaomi 15T Серия негізгі камерасыƒ/1.7 және PRO моделінде ƒ/1.62 диафрагмасымен фотосуреттегі әр бөлшекті анық түсіретін Leica Summilux оптика объективімен жабдықталған. Онымен қоса, камеражарығы нашар жерлерде де қанық түстерді жоғары контрастпен жеткізуге мүмкіндік береді. 13,5 EV динамика диапазоны бар жоғары технологиялы Light Fusion 900 кескін датчигінің арқасында Xiaomi 15T Pro-да мүмкіндіктер кеңейтілді. Ол түстердің дұрыс әрі анық жеткізуін айтарлықтай жақсартты.
Xiaomi T Сериясында алғаш рет Leica 5х кәсіби телефото камерасы ұсынылды: Xiaomi 15T Pro 5 есе оптика зумын, 10 есе оптика деңгейіндегі зумды және 20 есе Ultra Zoomның көмегімен енді кең пейзаждардан бастап егжей-тегжейлі кадрларға дейін түсіруге болады. Смартфонның екі үлгісі де селфи мен бейне қоңырауларға арналған 32 мегапиксельді алдыңғы камерамен жабдықталған.
Камералардың жетілдірілген аппараттық жасақтамасымен қатар серияда Xiaomi AISP 2.0 — мобильді фотосуретке арналған жаңа буын есептеу платформасы жұмыс істейді. PortraitLM 2.0 және ColorLM 2.0 сияқты технологиялардың арқасында Xiaomi AISP 2.0 динамикалық диапазонды және түс дәлдігін арттыру арқылы суреттерді жақсартады. Нәтижесінде екі үлгідегі фотосуреттер өте табиғи болып көрінеді және қосымша өңдеуді қажет етпейді.
Бұл технология әсіресе алдыңғы буынның портрет мүмкіндіктерін дамытатын және Wide және Bubbles сияқты фон жарықтандыруына жаңа боке әсерлерін қосатын, сонымен қатар пайдаланушыларға диафрагма әсері мен фокус қашықтығын жеке реттеуге мүмкіндік беретін Master Portrait режимінде пайдалы. Тосын сәттерді түсіру үшін Leica көшедегі фотосурет режимі қарастырылыған, ол камераға бұғаттау экранынана жылдам қол жеткізуге мүмкіндік береді. Пайдаланушыларға 28 мм, 35 мм, 50 мм және 75 мм фокус қашықтықтары қолжетімді, ал Xiaomi 15T Pro үлгісіне ірі пландағы түсірілімге арналған 135 мм қосылды.
Ал бейне түсірілімге келетін болсақ, Xiaomi 15T Сериясы контент жасаушылар үшін кәсіби деңгейдегі мүмкіндіктерді ұсынады. Екі үлгідеде HDR10+ көмегімен 4K 30к/с-та барлық фокус қашықтығында жазуды қолдап, пайдаланатын объективке тәуелсіз бірдей жарықпен контрасттықамтамасыз етеді. Xiaomi 15T Pro негізгі камерасында 4K 120 к/с қолдауды ұсына отырып, әдеттегі шектен шығады, бұл кадрларды дәл бақылаумен кинематография бейне жазбалар түсіруге болады. Өңдеу барысында , LUT қолдану мүмкіндігі бар 4K 60к/с 10-10-bit Log жазбасы қарастырылған.
Фотосуреттен бастап бейнеге дейін ұсынатын Xiaomi 15T Сериясының камералар жүйесі пайдаланушылар үшін таптырмас шешім. Оны басқару оңай әрітосын сәттерден бастап жоспарланған түсірілімдерге дейін нәтижесі таңғаларлық.
Жаңа операциялық жүйемен қосылу мүмкіндіктері
Түсірілім мүмкіндіктерінен басқа, Xiaomi 15T Сериясы пайдаланушылардың әртүрлі жағдайда қалай байланыста болатынын қайта қарастыра отырып, ұялы байланыс саласында бір қадам алға жылжуда. Бұл инновацияның негізі Xiaomi 15T Сериясындағы Xiaomi Offline Communication функциясының әлемдік премьерасы болып табылатын озық технологиялар жиынтығы — Xiaomi Astral Communication болып табылады.¹ Ол Xiaomi 15T Pro үшін 1,9 км-ге дейін және Xiaomi 15T үшін 1,3 км-ге дейінгі қашықтықта тіпті желісіз немесе Wi-Fi-сыз тікелей дауыс арқылы байланысуға мүмкіндік береді.² Бұл мүмкіндік джунгли, шөл немесе шалғайдағы туристік маршруттар сияқты ашық кеңістіктерде өте қолайлы, біз үйреніп қалған желілер қолжетімді емес жерлерде қосымша сенімділік береді.Әртүрлі жағдайларда тұрақты және адаптивті қосылу мақсатында Xiaomi Astral Communication-ге GPS, Wi-Fi, Bluetooth және ұялы желілерді пайдаланатын Xiaomi Surge T1S Tuner модулі кіреді. Ол байланыс сапасын жақсарту үшін өнімділігі жоғары антеннамен және сигналды барынша көтеру үшін AI Smart Antenna Switching қосылу функциясымен жабдықталған Super Antenna Array жүйесімен бірге жұмыс істейді. Осының арқасында пайдаланушылар ағынды, навигациянемесе мобильді ойындар кезінде де сенімді және тұрақты қосылымға сенімді бола алады.
Байланыс технологиясынан басқа, Xiaomi 15T Сериясында ең жаңа бағдарлама жасақтамасы — Xiaomi HyperOS болмақ.³ Алғаш рет Xiaomi 15T Сериясында жаһандық деңгейде енгізілген бұл жүйе жақсартылған көп міндеттілігінің, қолданбаларды жылдам жүктеп алудың және жаңартылған интерфейс элементтерінің арқасында пайдаланушы тәжірибесінің жаңа деңгейін көрсетеді..³ Бұдан басқа жүйе деңгейінде орнатылған Xiaomi HyperAI ақылды⁴ және кеңейтілген құрылғыаралық бірігу мүмкіндіктері өнімділікті арттырады, бұл пайдаланушыларға контентпен оңай бөлісуге және оны құрылғылар арасында синхрондауға мүмкіндік береді.
Үлкен, жарық және бұрынғыдан да тартымды дисплей
Қуатты жабдықтар мен қосылу мүмкіндіктеріне қосымша Xiaomi 15T Сериясы Xiaomi смартфондарының ішіндегі ең үлкен дисплейге ие болды — 6,83 дюймдік диагоналі бар жарық және анық экран. Ол контент, оқу және ойын-сауықты жаңа деңгейге көтеру үшін жасалған.² Кеңістік өте жарық болса да, 3200 нитке дейінгі жарықтың ең жоғары деңгейінің арқасында экрандағы бейнелер енді анық әрі сапалы көрінеді. 1.5К ажыратымдылығы фотосуреттерді, видеоларды және графиканы егжей-тегжейлі бөлшекке дейін жандандыра отырып, әр көріністі ерекше қанықтықпен және түстерді дәл жеткізеді.
Xiaomi 15T Pro LIPO технологиясының көмегімен жүзеге асырған барлық төрт жағынан қалыңдығы небәрі 1,5 мм болатын өте тар жақтаулардың арқасында визуалды қабылдауды келесі деңгейге көтереді.² Алдыңғы буынға қарағанда жақтаулар 27%-ға жіңішке,² сонымен қатар, құрылғының өлшемін ұлғайтпай, үлкен дисплей сезімін тудырады. Бұдан басқа Xiaomi 15T Pro дисплейі 144 Гц дейін өте тегіс жаңарту жиілігін қолдап⁵, барынша тегіс айналдыру мен жылдам, жауап беретін интерфейс жұмысын қамтамасыз етеді. Ыңғайлы және ұзақ пайдалану үшін смартфон толық жарықты DC Dimming жүйесімен және көзге қамқор болатын озық технологиялармен жабдықталған.
Өз кезегінде, Xiaomi 15T әр түртуге лезде жауап беретін 120 Гц дейінгі жаңару жиілігін қолдайды⁶. Көздің қосымша қамқорлығы үшін дисплей жиілігі 3840 Гц PWM dimming-пен жабдықталған, бұл экранның жыпылықтауын азайтады және түнде кітап оқығанда немесе қараңғыда ұзақ уақыт пайдалануға ыңғайлы етеді.
Төзімділікпен біріктірілген қуат
Қуатты дисплей смартфон жабдығының күшті болуын талап етеді, сондай-ақ Xiaomi 15T Сериясы заманауи пайдаланушылардың қажеттіліктеріне жауап беретін тиімді салқындатумен бірге жоғары өнімділікті қамтамасыз етеді. Xiaomi 15T және Xiaomi 15T Pro смартфондарының екеуі де сыйымдылығы 5500 мА·сағ аккумулятормен жабдықталған, бұл жұқа корпуста ұзақ жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Xiaomi 15T Pro әртүрлі қуаттауды қолдайды: 90 Вт сымды HyperCharge және 50 Вт сымсыз HyperCharge,⁷ ал Xiaomi 15T 67 Вт HyperCharge ұсынады, бұл зарядты ұзақ күтпей жылдам толтыруға мүмкіндік береді.⁸ Сонымен бірге аккумулятор ұзақ қызмет етуге жасалған — ол 1600 зарядтау циклынан кейін де 80%-ға дейін сыйымдылықты сақтайды.² Аккумулятор толығымен таусылғанда, смартфон зарядтау құрылғысына қосылғаннан кейін төрт секундтан аз уақыт ішінде қосылады.
Xiaomi 15T Pro 3 нм техүдеріс бойынша жасалған MediaTek Dimensity 9400 + чипсетінде жұмыс істейді, ал Xiaomi 15T MediaTek Dimensity 8400-Ultra процессорымен жабдықталған. Екі чипсет те алдыңғы буынмен салыстырғанда CPU және GPU өнімділігін арттырып, бұл әртүрлі жағдайларда жұмыс істеуге кепілдік береді.²
Жоғары өнімділікпен қатар, ұзақ уақыт пайдалану кезінде де жайлылықты қамтамасыз ететін тиімді салқындату жүйесі маңызды рөл атқарады. Xiaomi 15T Сериясында осы мәселені Xiaomi 3D IceLoop жүйесі шешеді. Ішкі құрамдас бөліктерден құрылғының беткі қабатына жылуды баяу шығаратын дәстүрлі пассивті салқындату жүйелерінен айырмашылығы, Xiaomi 3D IceLoop бу мен сұйықтықты тиімді бөледі және процессор үшін арнайы жасалған 3D шығыңқысымен жабдықталған. Бұл шешім жылуды негізгі көздерден, оның ішінде SoC-тан бағыттауға және оны смартфонның беткі қабатына біркелкі таратуға мүмкіндік береді. Осының арқасында пайдаланушылар ресурстарды қажет ететін тапсырмалар кезінде де тұрақты жоғары өнімділікке ие болады және ыңғайлы пайдаланады.
Флагмандық дизайн және сенімділік
Бұл озық өнімділіктің барлығы Xiaomi-дің әсем, жоғары сапалы дизайнға, сенімділікке және ыңғайлы пайдалануға деген ұмтылысын көрсетеді. Тұтас шыны талшықтан жасалған аккумулятордың артқы панелі мен қақпағы тұтас корпусты құрайды, ал жалпақ жақтау заманауи дизайн принциптеріне сәйкес келеді. Оңай дөңгелектенген жиектер құрылғыға нәзік көрініс беріп, қолда ұстауға ыңғайлы етеді.
Xiaomi 15T Сериясы тек премиум сыртқы түрі мен пайдалану кезінде алатын сезіммен ғана емес, сонымен қатар қосымша тыныштық сыйлайтын жоғары сенімділікпен де ерекшеленеді. Бұл Corning® Gorilla® Glass 7i әйнегімен қорғалған дисплейден басталады, ол алдыңғы буынмен салыстырғанда сызаттарға төзімділігі екі есе және стиль мен беріктікті біріктіретін берік шыны талшықты артқы панельмен толықтырылған. Екі модель де жақсартылған қорғанысқа ие болды, және қазір IP68 су мен шаңға төзімділік стандартына сәйкес 3 метр тереңдікке дейін тұщы суға батыруға шыдайды.⁹
Xiaomi 15T Pro моделінің айрықша ерекшелігі 6М13 берік алюминий қорытпасынан жасалған корпус болып табылады, ол құлаған кезде жоғары қорғаныс береді.Қолжетімді түс нұсқаларына қара, сұр және сәнді Мокко алтын кіреді.¹⁰ Сонымен қатар Xiaomi 15T қара және сұр, сондай-ақ өз стилін, ұстамдылықтыбағалайтын адамдар үшін жасалған Қызғылт алтын түстерінде болады.¹⁰
Бағасы және қолжетімділігі¹⁴
Xiaomi 15T және Xiaomi 15T Pro Қазақстанда енді қолжетімді. Верификацияға байланысты мәселелердің алдын алу үшін құрылғыларды рұқсат етілген дүкендерден сатып алған дұрыс. Мысалы, mi.comсайтындағы Xiaomi смартфондары, kaspi.kz платформасындағы Xiaomi Official Store дүкенінде, Xiaomi Authorized Store және Xiaomi Store Aport Mall East фирмалық дүкенінде және ресми серіктестерде қолжетімді.
Xiaomi 15T Pro
Үш түсте қолжетімді: Қара, Сұр және Мокко алтын.
12+512 - 389.990 теңге
12+1024 - 429.990 теңге
Xiaomi 15T
Xiaomi 15T үш түс нұсқасында қолжетімді: Қара, Сұр және Қызғылт алтын.¹⁰
12+256 - 249.990 теңге
12+512 - 289.990 теңге
Нақты бағасыаймаққа байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Верификация
Xiaomi компаниясы 2025 жылдың 24 наурызында күшіне енген ұялы байланыстың абонент құрылғыларын тіркеу ережелеріндегі өзгерістерді еске салады. Соған сәйкес ел аумағына «кіретін» барлық смартфондар верификация өтуі қажет. Верификация нәтижелері бойынша мобильді құрылғылар «ақ» (шектеусіз тіркелген сәтті верификацияланғанқұрылғылар), «сұр» (иелері 30 күн ішінде оларды әкелудің заңдылығын растауы керек уақытша рұқсат етілген құрылғылар) немесе «қара» (заңсыз әкелінген, жалған немесе ұрланған құрылғылар) тізімдерге кіреді.
Дисклеймер
¹ Xiaomi Offline Communication функциясы OTA жаңартуы арқылы 2025 жылдың 24 қыркүйегінен бастап қолжетімді болады. OTA-ның таралу кестесі мен қолжетімділігі елге байланысты басқаша болуы мүмкін. Функцияның жұмыс істеуі үшін SIM картасы мен авторландырылған Xiaomi есептік жазбасы қажет. Дауыстық қоңырауларға екі Xiaomi 15T Pro құрылғысы арасында 1,9 км-ге дейін және Xiaomi 15T құрылғылары арасында 1,3 км-ге дейін ашық кеңістікте қолдау көрсетіледі. Байланыс сапасы қоршаған орта жағдайларына байланысты өзгеруі мүмкін. Нақты тәжірибеге назар аударуыңызды өтінеміз. Бұл функция жедел немесе құтқару байланысына арналмаған.
² Деректер Xiaomi зертханаларында алынған; нақты нәтижелер өзгеше болуы мүмкін.
³ Xiaomi HyperOS 3 OTA жаңартуы арқылы 2025 жылғы қазан айының соңынан бастап жекелеген аймақтарда қолжетімді болады. Қолжетімділік пен тарату кестесі басқаша болуы мүмкін. Толығырақ өз аймағыңыздағы Xiaomi ресми сайтында анықтаңыз.
⁴ ЖИ негізіндегі функциялардың қолжетімділігі бағдарламалық жасақтаманың нұсқасына, қолданбаларға, тілдерге және аймақтарға байланысты өзгеруі мүмкін. Жұмыс істеу үшін интернет байланысы да қажет. Қолданар алдында нәтижелердің дұрыстығын тексеріңіз.
⁵ Экран ең жоғары 120 Гц жаңару жиілігін қолдайды. Жаңару жиілігі қолданбаларға және ойындардағы сурет сапасының баптауларына байланысты аздап өзгеруі мүмкін. Нақты тәжірибеге назар аударыңыз.
⁶ Экран ең жоғары 120 Гц жаңару жиілігін қолдайды. Жаңару жиілігі қолданбаларға және ойындардағы сурет сапасының баптауларына байланысты аздап өзгеруі мүмкін. Нақты тәжірибеге назар аударыңыз.
⁷ Жергілікті сатушыдан қуат адаптерінің бар-жоғын тексеріңіз. Сымды зарядтау үшін қуаты 90 Вт немесе одан жоғары Xiaomi адаптерін пайдалану ұсынылады. Сымсыз зарядтау құрылғысы бөлек сатылады.
⁸ Жергілікті сатушыдан қуат адаптерінің бар-жоғын тексеріңіз. Зарядтау үшін қуаты 67 Вт немесе одан жоғары Xiaomi адаптерін пайдалану ұсынылады.
⁹ Құрылғы күнделікті пайдалану шарттарына сәйкес келмейтін зертханалық жағдайларда ғана су мен шаңнан қорғауға сертификатталған. Кепілдік тестілеу шарттарынан тыс алынған сұйықтықтың зақымдалуына қолданылмайды. Қорғаныс деңгейі тозу, механикалық зақымдану немесе бөлшектеуді қажет ететін жөндеуден кейін төмендеуі мүмкін. Толығырақ Xiaomi ресми сайтында қолжетімді.
¹⁰ Түс нұсқаларының қолжетімділігі аймаққа байланысты өзгеруі мүмкін.
¹¹ Қолжетімді жад көлемі (RAM және сақтау қоймасы) мәлімделгеннен аз, өйткені оның бір бөлігін операциялық жүйе мен алдын ала орнатылған бағдарламалық жасақтама алады.
¹² Wi-Fi 6Е/6/7 қолдауы аймақтағы қолжетімділік пен желі мүмкіндіктеріне байланысты. Wi-Fi параметрлері (жиіліктерді, стандарттарды және IEEE 802.1 сипаттамаларында бекітілген басқа сипаттамаларды қоса) аймақ пен жергілікті желіге байланысты өзгеруі мүмкін. Мүмкін болса, функция OTA арқылы қосылуы мүмкін.
¹³ Dual SIM қолдауы аймаққа байланысты. ESIM пайдалану байланыс операторынан тарифтік жоспарды талап етеді. Қызметке шектеулер, оның ішінде операторды ауыстыруға тыйым салу немесе роуминг (келісімшарт аяқталғаннан кейін де) қолданылуы мүмкін. ESIM қолжетімділігі елге/аймаққа және операторға байланысты болады. Толығырақ өзіңіздің байланыс операторыңыздан анықтаңыз.
¹⁴ Түрлі нарықтардағы бағалар ҚҚС, салықтар және басқа факторларға байланысты өзгеруі мүмкін.
Xiaomi компаниясы туралы
Xiaomi корпорациясы 2010 жылдың сәуір айында негізін қалады және 2018 жылдың 9 шілде айында Гонконг қор биржасының негізгі алаңына шықты (1810.HK). Xiaomi — бұл IoT платформасымен біріктірілген смартфондар мен ақылды құрылғыларға негізделген тұтынушылық электроника және интеллектуалды өндіріс саласындағы компания.
Xiaomi өзінің «Пайдаланушылармен дос болу және олардың жүрек түкпіріндегі ең керемет компания болу» деген көзқарасына сүйене отырып, үнемі инновацияларға, жоғары сапалы пайдаланушы тәжірибесіне және жұмыс тиімділігіне ұмтылады. Компания әлемдегі барлық адамдар инновациялық технологиялардың арқасында жақсы өмір сүре алатындай етіп, әрдайым әділ бағамен керемет өнімдер жасайды.
Xiaomi әлемдегі жетекші смартфон өндірушілерінің бірі болып табылады. 2025 жылдың маусым айында бүкіл әлем бойынша ай сайынғы белсенді пайдаланушылар саны (MAU) шамамен 731,2 миллионға жетті (смартфондар мен планшеттерді қосқанда). Сонымен бірге компания әлемдегі ең ірі тұтынушылық AIoT платформасын (AI + IoT) құрды: 2025 жылдың 30 маусымындағы жағдай бойынша оған 989,1 миллионға жуық ақылды құрылғы (смартфондар, ноутбуктер мен планшеттерден басқа) қосылды. 2023 жылдың қазан айында Xiaomi өзінің стратегиясын жеке құрылғыларды, ақылды үй өнімдерін және автомобильдерді біртұтас экожүйеге біріктіретін «Human x Car x Home» тұжырымдамасына дейін жаңартты. Xiaomi әрқашан адамды назарға алып, жан-жақты және барынша байланысты пайдаланушы тәжірибесін қамтамасыз етуге тырысады. Компанияның өнімдері әлемнің 100-ден астам елі мен аймағында ұсынылған. 2025 жылдың шілдесінде Xiaomi қатарынан жетінші рет Fortune Global 500 рейтингіне еніп, 297-ші орын алды.
Xiaomi Hang Seng Index, Hang Seng China Enterprises Index, Hang Seng TECH Index және Hang Seng China 50 Index индекстерінің құрамына кіреді.