Мәдениет

500 мыңнан аса адам қатысты: Алматыда Қала күні қалай өтті?

Алматының Қала күніне арналған мерекелік іс-шараларға мегаполистің 500 мыңнан астам тұрғыны мен қонағы қатысты. Мереке қаланың сегіз ауданының барлығын қамтып, негізгі оқиғалар 18-21 қыркүйек күндері өтті,- деп хабарлайды newsroom.kz

Мәселен, KitapFest фестивалін 40 мыңнан астам адам тамашаласа, Тұңғыш Президент саябағындағы мерекелік іс-шараларға 100 мыңнан астам қонақ келді. Ал «Астана» алаңында таңнан кешке дейін 130 мыңнан астам көрермен жиналды.

Қаланың орталық алаңдарында, саябақ пен көшелерінде ауқымды мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды:

• Тұңғыш Президент саябағында көлемді Alma Fest-2025 өтті;

• Панфилов көшесі инновациялық Digital Fest алаңына айналды;

• Арбат KitapFest фестивалінің арқасында нағыз әдебиет орталығына айналды.

Алматылықтар мен қала қонақтарына Роза Рымбаева, «Дос-Мұқасан» ансамблі, Зарина Алтынбаева, Қайрат Нұртас, TURAR, bellucci, «МузАрт» тобы, Shiza, De Lacure, Adam және Ninety One тобы болды. Қала күні Алматыны Қазақстанның мәдени астанасы ретіндегі мәртебесін тағы да айшықтай түсті.