Технология

Қытайда алғаш рет адам кейпіндегі робот докторантураға қабылданды

Биіктігі 1,75 метр, салмағы 32 келі «Сюэба 01» («Үздік 01») Шанхай театр институтының докторантурасына оқуға түсті. Ол мұнда сахна өнері мен «Цифрлық қойылым дизайнын» меңгереді.

Төрт жыл ішінде роботты қимыл техникасына, орындау шеберлігіне, тіпті дәстүрлі қытай операсындағы партияларға да үйретпек. Қазірдің өзінде ол 100-ден аса эмоцияны көрсете алады және көрермендерге лезде жауап қатуға қабілетті.

Дегенмен әзірге «Сюэба 01»-дің қимылы жеткілікті деңгейде ширақ емес. Ғалымдар оны кәсіби әртістердің қимылын көшіріп үйрету үшін motion capture технологиясын қолдануды жоспарлап отыр.

Жобаның басты мақсаты — өнер мен технологияны тоғыстырып, жасанды интеллект арқылы мәдени мұраны сақтап қалу.